Отзывы о ДЕПАРТАМЕНТ ЮСТИЦИИ КЫЗЫЛОРДИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Отзывы (1)

арыз

Қызылорда облысының әділет департаментінің бастығы Б.Т.Кесебаева ханымға
Қызылорда қаласы, Бөкейхан көшесі, 67а үй тұрғыны,
Телефон 87017247012
Б.Ж. Абдикаримовтен...Показать полностью




Арыз

Қызылорда қаласы, Х.Түлкібаев көшесі, 212 үй, 28 пәтер адресі бойынша орналасқан жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі № 12-1001.3-718(08.12.2012) өтінішімді заңгерлердің кеңесі арқылы қабылдағанмен құжаттарды екі кемшілігін көрсетіп әділет басқармасы қолымен кері қайтарған болатын.
№ 9/5280(19.12.2012) хатта көрсетілген екі кемшілікті қалпына келтіргеннен соң тағы да заңгерлердің кеңесі арқылы қабылдаған № 13-1001.3-325(01.02.2013) өтінішімді дәл сол орындалған кемшіліктің біреуін қайта көрсетіп кері қайтаруы әділет басқармасы мамандарының сауатсыздығы ма, әлде жауапсыздығы ма?
Жылжымайтын мүлікті тіркеу құжаттарының түгелдігін, орындалған кемшілікті айғақтайтын құжаттардың түпнұсқасын сол құжаттар ішінен көрсеткенімде жауапты қызметкерлеріңіз сол мезетте үшінші рет өтініш ретінде қайта қабылдап алып қалды.
Алайда халыққа қызмет көрсету орталығының халықты әуре-сарсаңға салып, қымбат уақытын алып, жүйкесін тоздырып, адам капиталына кері ықпалын жасауы алаңдаушылық білдіреді.
Әділет департаментінде орын алған әділетсіздік не жауапсыздық іс-әрекеттер халықтың билікке, яки Елбасының сындарлы саясатына деген сенімсіздігін тудырады.
Қорыта айтқанда Әділет басқармасының құжаттарды кері қайтару хатында көрсеткендей ҚР Заңының 31 бабы, 4 тармақшасына сәйкес сотқа жүгінетінімді және орын алған келеңсіз оқиғаның қорытындысын Әділет министрінің блогына салатынымды назарыңызға саламын.

Құрметпен Бахытхан Абдикаримов.

Добавить комментарий
Распечатать PDF-карточка компании
Закрыть Комментарий
5 + 9 =